




Қазу жабдығы



Тау-кен қазбалары бойынша операцияларды: сілемдерді бұзу, тау-кен массасын тиеу, тасымалдау, қазбаларды бекіту және басқа да процестерді механикаландыруды қамтамасыз ететін тау-кен машиналары мен аппараттарының жүйесі. Қазатын тау-кен-шахта жабдығы шахтаның тік оқпандарын қазу, шахта қазбаларын өткізу және тоннелдерді салу, оның ішінде метрополитен тоннелдерін салу үшін қолданылады.
Шахталық көтергіш жабдығы



Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы шахталық көтергіш жабдықтардың барлық түрлерін жасап шығарады. Стандартты үлгілер сияқты, стандартты емес үлгілерді шығаруда біздің тәжірибеміз бай. Біз өндіру объектілерін көтергіш жабдықтармен жарақтандыру бойынша көптеген ірі жобаларға қатыстық.
Шахта көлігі




Шахта көлігі көлік машиналарын, көлік коммуникацияларын, қосалқы жабдықтарды (тиеу, жүкті ауыстырып тиейтін және түсіру пунктерін), автоматтандыру және диспетчерлендіру құралдарын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету және жөндеу құралдарын қамтиды.
Стандартталмаған жабдық
Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводында тапсырыс берушінің әденттен тыс мәндеттерін орындау үшін кәсіби инженер-конструкторлардың штаты мен тәжірибесі, білімі бар. Кәсіпорынның конструкторлық бөлімі объектідегі пайдалану жағдайларына сәйкес келетін жабдықтарды жобалап, есептеуге дайын. Біз тапсырыс беруші ұсынған сызбалармен жұмыс істейміз, сондай-ақ инженерлік құжаттамалар пакетін нольден бастап құрамыз.
- шахтаның көтергіш ыдыстарына (көтермелерге, скиптерге) арналған конструкторлық құжаттаманы құру және есептерді жасау;
- оқпандарды қазу және пайдалану үшін оқпанды көтеретін шахта жабдықтарының айрықша конструкцияларын жасау, есептеулерін орындау;
- пайдалану шарттарына сәйкес тапсырыс берушінің дербес талаптары үшін сериялы түрде шығарылатын шахтаның көтергіш жабдықтарын толықтырып жасау;
- жылжымалы арбаларға тұрақты көтеру жабдықтарын орнату;
- шахта құрылысы үшін стандартты емес металл конструкцияларды жасау;
- стандартты емес қазу сөрелерін әзірлеу және жасап шығару;
- оқпандарды тексеру, арқаулау элементтерін жөндеу және ауыстыру үшін есептерді орындау, конструкторлық құжаттамаларын жасау және жабдықтарды жасап шығару;
- нақты міндеттер үшін ЖҰЖ (жұмыстарды ұйымдастыру жоспарларын) жасау, ЖҰЖ іске асыру үшін тораптарға қажетті жабдықтар мен жиынтықтарды іріктеп алу;
- тасымалданатын жүктердің нақты міндеттеріне арнап вагоншаларды жасап шығару.
Инновациялық жабдық
Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы инновациялық жабдықтарды тұрақты түрде инвестициялап отырады. Тау-кен-шахта жабдықтарының Ресей өндірушілері ұзақ уақыт бойы өндіру үшін жаңа техника үлгілерін әзірлеп шығарумен ұзақ уақыт айналысқан жоқ. Тау-кен игеру саласы ішкі нарықтағы бар жабдықтармен қанағаттанған, не болмаса импорт жабдықтардың экономикалық тиімді тадаптарына сай келген. Қазіргі таңда ресейлік машина жасаушыларда кейін қалған позицияларды қайтару ниеті бар.
ТТКШЖЗ қолданыстағы инновациялық әзірлемелері
- аккумуляторлы электрлі тасығыштың жаңа энергия тиімді жетек жүйесі;
- аккумуляторлы электрлі тасыңыштың жетектерін жаңартылған басқару жүйесі;
- көзбен қарап және деректерді сақтаумен аккумуляторлы электрлі тасығыштың үнемді басқару жүйесі.
Қауғалы қазу кешендері






Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы 13 есе беріктілік қоры бар қауғаларды шығарады, оларға арналған тұтқалары ұсталық тәсілмен жасалады. Сол себепті, біздің өнірісіміздің қауғалары Ресей мемлекеттік техникалық қадағалау талаптарына сәйкес келеді.
Қазу кешенінің тағы бір маңызды элементі — түсіру қақпағы. Ол кронштейні бар тік бұрышты дәнекерленген жиек түрінде жасалады. Кронштейнге ойығы мен бағыттаушы аунақшалары бар қармағышы бекітіледі. Қақпақтың ашылуы мен жабылуы ЛОЛ түріндегі шығырдың көмегімен жүзеге асырылады, шығыр электр қозғалтқыштан, бұрамдық бәсеңдеткіштен, барабан мен электр магнитті тежегіштен тұрады. Шығырдың электр жабдығын кеніштік жарылу қаупі жоқ түрінде жасаймыз.
Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы шахталардың тік оқпандарын қазу кезінде тығындамалық сөрелерге немесе қазуға БПСМ кешенінің құрамында тығындауға арналған ерітінді немесе бетон қоспаларын жеткізуге арналған қауғаларды да ұсынады.
Грейферлер



Грейферлер тиегіш (бұдан әрі - грейфер) еңісті және тік қазбаларға тау жыныстарын тиеуді жүзеге асырады, әсіресе, ол ірі габаритті оқпанды тиеу машиналарының жұмысы мүмкін болмаған немесе қиындаған жағдайда қажет, оның ішінде ылдиларда, шурфтарда және барлау оқпандарының аясында сұранысқа ие.
Машиналар пайдалану кезінде қарапайым және қызмет көрсетуде күй талғамайды. Алты «жағының» арқасында грейфер тау жыныстарына тереңдей батып, өздігінен толу коэффициентін біршама жоғары түрде қамтамасыз етеді.
Негізгі параметрі бойынша — тиеуді басқару тәсілі бойынша - грейферлер қол және механикаландырылған болып бөлінеді. Соңғы түрі кен игеруде біршама сұранысқа ие, себебі қазу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Пневматикалық тиегішті пайдалану орташа алғанда кенжар ауданын бір жарым есеге арттырады, бұл жоғары жұмыс екпінін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Мұндай грейферлерде жақтардың ашылуы мен жабылуы пневмоцилиндрлердің әсерімен болады.
Қазу шығырлары



Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы электр жетегі бар қазу шығырларын (ЛПЭ) және қол жетегіне қосымша жабдықталған шығырларды (ЛПЭР) жобалауға және өндіруге мамандандырылған, арқанның статикалық тарту шамасы 50-ден 450 кН (тс) дейін және барабанның арқан сыйымдылығы 500-ден 1500 м дейін. Біздің шығырлардың көтеру-түсіру механизмдерінің сенімділігі жоғары, себебі завод құрастырушылары басқару жүйесін жаңғыртқан.
Қазу шығырларының барлық негізгі бөлшектері мен тораптары технологиялық карталарға сай, бөлшектерін механикалық және термиялық өңдеудің барлық процестерін сақтай отырып жасалады.
Барабандардың көтергіш элементтерін және жетекті механизмдерін жасау үшін жоғары сапалы құйманы қолданамыз.
Жабдық өндірісінің барлық сатыларында сапаға толықтай бақылау жүзеге асырылады: материалдар - тек сенімді жеткізушілерден, шығысында - дайын бұйымға міндетті бақылау.
Оқпанды тиеу машиналары
СПМ үлгісіндегі оқпанды қазу машиналары жеке жабдық кешенін білдіреді. Әдетте, мұндай қазу машинасы әртүрлі оннан асқан құрастырылған элементтерден тұрады. СП оқпан үлгісіндегі машинаның конструкциясы грейферсіз, басқаруға арналған аппаратурасыз, басқару кабинасыз, тұншықтырғысыз, пневматикалық механизмдерден және т.б. болмайды.
Әмбебап СПМ-2У/40 және 2СПМ-2У/40 — өнімділігі жоғары және сенімді машиналар, олар оқпанды тік қазуға жақсы келеді. Оларға монтаж жасау мен демонтаж жасау оңай, өлшемдері мен салмағы шағын, ол қазбаның бүкіл алаңына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және оны жақсы қарап шығуға мүмкіндік береді. Бұл машиналар басқаруда оңай және келесі диаметрлі оқпандарда қолданылуы мүмкін: СПМ-2У/40 — 5,5-6,5 м, 2СПМ-2У/40 — 7-8 м. Машиналар қазатын оқпандардың тереңдігі шектелмеген, себебі олар қазу сөрелеріне бекітіледі. Машиналардың тау жынысын қауіпсіз биіктікке жару алдында жылдам көтеру және жарудан кейін жылдам түсіру мүмкіндігі, тау жыныстарын тиеу процесінде жылдам түсіру және көтеру мүмкіндігі бар. Машиналар айына 100-120 м дейін орташа қазу қарқынын арттыру құралы ретінде шахта құрылысында кеңінен қолдануға есептелген.
Тиеу машиналарын әртүрлі қазу тәсілдерінде қолдануға болады, бірақ негізгі тәсіл оқпан қазбасынан тұрғызылатын тұтасқұймалы бетоннан жасалған нығайтқышпен аралас қазу тәсілі болып табылады. Қатты жыныстарда және қаттылығы орташа жыныстарда қазу тәсілімен параллель қолданылуы да мүмкін. Бұл жағдайда тұрақты түрде бекіту тұтасқұймалы бетоннан қазу сөрелерімен тұрғызылады.
Қазу сөрелері



Қазу сөрелері — құрастырылатын-жиналмалы, көбінесе көп қабатты, екі қабаттан артық, бағанды қазу немесе арқаулау кезінде шахта оқпанына ілінетін конструкция. Оның тағайындалу мәні көп, бірақ, ең алдымен ол жабдықты ілу үшін қызмет етеді және шахта оқпандарын қазатын немесе арқау салатын кеншілер үшін жұмыс алаңының функциясын орындайды.
Сөреге қазу жабдығын ілуге арналған арқандар бекітіледі. Егер оқпан нығайтқыштармен төменнен жоғарыға бекітілетін болса, қалып тұғыры үшін тірек функциясын атқаруы мүмкін. Бірақ, көп қабатты платформаның негізгі функциясы - жабдықты, мысалға, қазу шығырын, жыныс тиейтін машиналарды, аспашамдарды, көптеген инфрақұрылымдық кабельдер мен басқаларды ілу.
Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы шахталардың тік оқпандарын қазу кезінде тығындамалық текшелерге немесе қазуға БПСМ кешенінің құрамында тығындауға арналған ерітіндіні немесе бетон қоспаларын жеткізуге арналған қауғаларды да ұсынады.
Тіркеу құрылғылары


Конструкциясы жабық арқандарға (УПЗ) және ширақ есілген арқанға (УПП) арналған тіркеуші құрылғыларды жасаймыз. Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы шығарған УПП және УПЗ пайдалану кезінде сыйымдылықтың өздігінен ағытылып кетуі толықтай мүмкін емес. Сенімділік кепілдігі — тіркеу құрылғыларының ілмектерін өндіру технологиясында. Ол ұсталық тәсілмен Ресей техникалық қадағалау талаптарына сәйкес жасалады. Ілмектің 13 еселік беріктілік қоры бар, Тихвинск сынау орталығына сынақтан өткен, ол Сынау хаттамасымен және Сапа сертификатымен куәландырылады.
Тіркеу құрылғыларының ілмегі бар әртүрлі конструкциядағы арқанды жалғау механизмі бар.
- УПЗ үлгісіндегі тіркеу құрылғылары сыналы төлкесімен сыйымдылығы үлкен қазушы қауғаларға жабық үлгідегі көтергіш арқандарды жалғауға арналған.
- УПП үлгісіндегі тіркеу құрылғылары тау-кен өнеркәсібіндегі шахталардың тік оқпандарын қазу және тереңдету кезінде ширатыла есілген арқанға қазғыш қауғаларды ілу үшін қолданылады.
УПП және УПЗ сенімді конструкциясы қазбаға аспаптардың жылдам және қауіпсіз түрде тіркеуін қамтамасыз етеді, сыртқы ортаның теріс ықпалына төзімді.
Копрлы қазу тегершіктері





Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы бекітілген конструкторлық және технологиялық құжаттамалар бойынша әртүрлі үлгідегі (Ш, ШКС, Н, ШК, ШКН, ШКП, ШКФ, ШПК) және орау диаметрі әртүрлі (300-ден 6000 мм дейін) тегершіктерді жасап шығарады.
ШПК үлгідегі жылжымалы осі бар тегершіктерді, қазу жабдығының ілмектері үшін — ШКН үлгісіндегі жылжымайтын осі бар тегершіктерді жасап шығарамыз. Бұл үлгілердегі копрлы қазу тегершіктері диаметрі 17,5-тен 66 мм дейінгі арқандар үшін орау диаметрі 00-ден 1320 мм дейінгі үлгіде жасап шығарылады.
Ш-2, Ш-2.5, Ш-3, Ш-4, Ш-5 үлгі өлшемдегі копрлы тегершіктерді шығарамыз, олардың жиналмалы конструкциялы болып келеді және қалыпталған тоғыннан (жиналмалы), дәнекерленген шабақтардан, біліктен және екі мойынтіректі тораптан тұрады.
ШКФ үлгісіндегі копрлы қаптамаланған тегершіктер екі дәнекерленген жартылай тоғыннан тұрады, тербеліс мойынтірегі бар тіреу осьтеріне орнатылады, сол арқылы ресурстрды үнемдеуге қол жеткізеді: тегершіктердің салмағы бойынша, пайдалану орнына монтаж жасау алдында тегершіктерді жинаудың еңбек сыйымдылығы бойынша.
Оқпандарды арқаулаушы элементтер



Шахта оқпандарын арқаулауға арналған өткізгіштерді, атқыштарды жасап шығарамыз, сонымен бірге «Север-1», «Север-2» үлгісіндегі қазушы копрларды тұрғызуға арналған металл конструкцияларды, І, ІІ үлгідегі шатыр тәрізді копрларды және тапсырыс берушінің немесе өзінің сызбалары бойынша тұрақты копрларды салуға арналған металл конструкцияларды жасап шығарамыз.
Қорапты өткізгіштерді және кез-келген қимадағы — 10-нан артық жасалу түріндегі атқыштар, оның ішінде тоттануға қарсы жабын қабаты бар қорапты өткізгіштер мен атқыштарды жасап шығарамыз.
Тапсырыс берушінің сызбаларымен копрларға арналған металл конструкцияларды жасап шығарамыз. Оның ішінде төмен қоспаланған болаттан жасалатын элементтерді жасап шығарамыз, ол тым төмен температурада - дейін -700°С дейін температурада қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Шахта көтермелері





Бір арқанды тік көтеруге арналған аударылмайтын шахта көтермелерін жасап шығарамыз, шахта көтермелері жылжымалы және жылжымайтын шанақтары бар көп арқанды тік көтеруге арналған, жаңғыртылған үлгілері, көтермелерді тапсырыс берушінің жеке параметрлері бойынша жасап шығарамыз.
Тапсырыс берушінің таңдауы бойынша шахта көтермелері аспалы құрылғылармен, шахта парашюттарымен, автоматты тоқтатқыш құрылғылармен, контейнерге арналған аспасымен, аунақшалы бағыттағыштармен, қармағыш тіреуімен және жиектемесімен (КП үлгісіндегі көп арқанды көтергіш көтермелері үшін) жинақталады.
Тула тау-кен шахта жабдықтарының заводы барлық үлгідегі өткізгіштерге арналған бағыттағыштары бар шахта көтермелерін жасап шығарады.
Коуштар





Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы КД үлгісіндегі коуштарды, ККП және КРГ үлгісіндегі сыналы коуштарды, ККБ үлгісіндегі қысқышсыз коуштарды жасап шығарады.
Арқанды екі жақтан қысатын КД коушы металл конструкция түрінде жасалған және келесі негізнгі бөлшектерден: корпустан, қысқыштан, құрсаудан, сынадан, аунақшадан, көлденең сынадан тұрады.
ККБ үлгісіндегі қысқышсыз сыналы коуштар тік көтергіш қондырғылардың көтергіш ыдыстарға 22-ден 65 мм дейінгі диаметрлі болат арқандарды жалғау үшін қолданылады.
ККП сыналы коуштар жабық конструкциялы өткізгіш және тойтарушы арқандарды бекітуге арналған.
КРГ үлгісіндегі сыналы коуш шахталар мен кеніштердің тік көтергіштерінің өткізгіш және тойтарушы арқандарына, ыдыстарға, қарсы салмақтарға арналған тіркеуші құрылғы ретінде қолданылады.
Отырғызылатын тұғырлар


Тұғырлар шахта оқпанының қабылдау алаңында көтермелерді дәл орнату үшін және тік көтерілуде тасымалдау жолының рельстерінің деңгейлерін үйлестіру үшін қажет.
ТШ 3143-001-77048201-2016 бойынша жасалған отырғызылатын тұғырлар 0,25 м/с жылдамдығымен шахта көтермелерін отырғызу үшін арналған.
Бұл жабдық түрі жалпы сламағы 37,5 тоннаға дейінгі жылжитын шанағы бар үлкен жүк көтермелерінің жұмысын қамтамасыз етуге қабілетті.
Отырғызылатын тұғырлар төрт тірек тұғырдан, бір электр гидравликалық жетектен, екі тартқыдан, төрт иінтіректен, төрт датчик компонентінен тұрады. Электр гидравликалық жетегі тұғырларды жұмыс күйінде орнату үшін қызмет етеді. Жетекті қосу қол немесе автоматты режимдерде жүзеге асырылады, егер сигнализация қарастырылған болса, тұғырлардың күйі туралы сигнал индуктивті датчиктерден немесе бұғаттаушы құрылғылардан келіп түседі.
Шахта парашюттері

Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы ПТКА, ПТКПА, ПКЛА, ПКЛША, ПТКША үлгісіндегі шахта парашюттерін шығарады. Парашюттердің үлгілері шекті жүктемесі, салмағы мен беріктілігі бойынша ажыратылады. Пайдаланылатын жабдық пен оны жүктеу деңгейіне сәйкес парашюттің оңтайлы үлгісін таңдап аламыз.
Салмағы 30 т шеңберіндегі көтермелер үшін ПТКА немесе ПТКША шахта парашюттері қолданылады.
ПТКПА парашюттері салмағы 16 тоннаға дейінгі (ауырлықты сақтандыру үшін қолданылады (пайдалану - шахтаның тік оқпанын бір арқанды көтеру). Оқпанның тереңдігі бұл ретте 850-900 метрге жетеді, ал көтерменің қозғалу жылдамдығы жоғарғы шектің 12 м/с болады.
ПКЛА парашюттері бір тежегіш арқанды қармау үшін қолданылады да еңісті көтергіштер сияқты, тік көтермелер үшін де қолданылады. Олар шағын салмаққа есептелген және тік шахталардың терең емес оқпандарында ауырлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Аспалы құрылғылар



Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводында шахта көтермелері мен скиптерге арналған аспалы құрылғыларды шығаруда бай тәжірибеге ие. Жабдықтарды пайдалану кезінде көтерілетін ыдысты бұрау мүмкін емес. Аспалы құрылғылардың конструкциясы бас арқанды сырғанақтаусыз ұстап қалуды қамтамасыз етеді.
Аспалы құрылғының топсалы қосылысының тетіктеріне ауыстырылып салынатын төлкелер орнатылған. Металл төлкелер үшін майлауға арналған орын қарастырылған. Нығайтқыш тетіктерге, білікшелерге және төлкелерге қорғаныс мырышты қабат жағылған. Әрбір аспалы құрылғының арқан ішегін салбырап қалудан және оның оқпанға түсіп кетуінен қорғайтын қорғанысы болады. Салбырап қалудан қорғаныс көтергіш арқанның ішегінің астынан тартылатын бойлық сым арқанды қосатын ұштық сөндіргіштердің көмегімен жүзеге асырылады.
Шахта тепе-теңдігі

Шахта тепе-теңдігі — бұл скиптер мен көтермелер үшін теңгеруші жүк ретінде қызмет ететін құрылғы. Ол кен қазбаларын жерасты өндіру объектілерінде тік оқпандарда пайдалану кезінде оларды тепе-теңдестіруге арналған. Тепе-теңдік міндеті — көтергіш ыдыстардың икемді жүру барысын қамтамасыз етеді.
Тепе-теңдік конструкциясы металл қаңқаны, аспалы құрылғыны, қоршауды және бағыттаушыны қамтиды. Тепе-теңдік салмағын ретке келтіру үшін мұнда жүк жиыны қолданылады, олардың жалпы салмағы көтергіш ыдыстың салмағына байланысты болады, ол шахта тепе-теңдігімен қосарлана жұмыс істейді.
Аспалы құрылғы ретінде арқанды екі жақтан қысатын сыналы коушпен жарақталған құрылғы қолданылады.
Шахта скиптері



Конструкциялық ерекшеліктері әртүрлі және жарақталуы әртүрлі шахта скиптерін жасап шығарамыз:
- бір арқанды және көп арқанды;
- рельсті, қорапты немесе арқанды өткізгішті;
- аударылатын және аударылмайтын шанағымен;
- секторлы немесе реттеуші бекітпемен.
Скиптер әртүрлі сыйымдылықпен, әртүрлі өткізгіштермен және олардың орналасуымен жасалады. ТШ 28.22.16-033-37363619-2018 сәйкес келеді.
Жол тоқтатқыштары



Электрлі, гидравликалық және пневматикалық жетегі бар жол тоқтатқыштарын жасап шығарамыз. Тоқтатқыштар оңаша қолданылуы мүмкін немесе көтермелерде және басқа тасып шығаратын учаскелерде вагоншалармен алмасу кешендерінде қолданылуы мүмкін.
Жол тоқтатыштары қамтамасыз етеді:
- вагоншаларды ұстап тұратын тұғырларды 2,5 с артық емес уақыт ішінде жетектің көмегімен ашу, сонымен бірге көрсетілген уақыт ішінде жабу (бұл ретте жетек оң жақтан да, сол жақтан да орнатыла береді);
- айнымалы ток жиілігі 50 Гц, 380/660 В ток желісінен электр гидравликалық желі жұмысын;
- 0,4-0,6 МПа пневматикалық желідегі ауаның жұмыс қысымындағы пневматикалық жетектің жұмысын;
- Датчиктерді қолдана отырып тұғырлардың шеткі күйлерін («ашық» және «жабық») бақылауды.
Бұл жабдықтың қызмет ету мерзімі — 10 жыл.
Инновациялық шахта электрлі тасығышы









- Жаңартылған синхронды қозғалтқыш тұрақты магниттерде;
- Қозғалтқышты жүргізудің жаңа жүйесі заманауи бағдарламаланатын бақылағыштарда;
- Литий-ионды батареялық жәшік қосынды энергия сыйымдылығы 70 кВт/сағ;
- Қозғалтқыштың және аккумуляторлы жәшіктің жарылыстан қауіпсіз түрде жасалуы.
Шахталық аккумуляторлы электрлі тасығыштар



Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы көмір және тау-кен рудасы кәсіпорындарына кез-келген түрдегі көлік жұмыстарына арналға аккумуляторлы электрлі тасығыштарды жасап шығарады. Жасалу түрлері: РП — сенімділігі жоғары, РВ — жарылыстан қауіпсіз түрде жасалған. Электрлі тасығыштар дара және қосарлы болуы мүмкін және ені 550-ден 900 мм дейінгі табан жол үшін 0,005-тен 0,05 дейінгі рельсті жол еңістерінде жерасты тау-кен қазбаларында пайдалану үшін жасап шығарылады.
Аккумуляторлы электрлі тасығыштардың артықшылықтары:
- қарапайымдылығы;
- сенімділігі;
- үнемділігі;
- ептілігі;
- адамдарды тасымалдау үшін қолдану мүмкіндігі.
Жеткізу жиынтығына кіреді:
- шахталық электрлі тасығыш (жиналған түрінде);
- қосымша батареялық жәшік;
- ЗИП жиынтығы.
Тапсырыс берушінің тапсырысымен электрлі тасығыш аккумуляторлық батареяларсыз жеткізілуі мүмкін. Қосарланған электрлі тасығыштар үшін жеткізу жиынтығына кіреді: 2 электрлі тасығыш секциясы, 2 қосымша батареялық жәшік жиынтығы мен ЗИП жиынтығы.
Инерциялы локомотив — гиротасығыш




Оның басты артықшылығы — жарылу қауіпсіздігі, сол себепті гиротасығыштардың барлығын газы немесе шаңы жағынан қауіпті шахталардың желдетпе деңгейжиектерде қолданады. Қозғалыс үшін айналып тұратын сермердің кинетикалық энергиясы қолданылады.
Тула тау-кен-шахта жабдықтарының жабдығы үш үлгі өлшемдегі Г6 гиротасығышын шығаруға тапсырысты орындауға дайын, олардың конструкциялары ұқсас, олар тек жолтабанының енімен ғана ерекшеленеді. Олардың барлық негізгі тораптары, рамасынан басқасы жеңілдетілген және өзара алмаса алады.
Раманың алдыңғы бөлігінде машинистің кабинасы орнатылған. Кабинаның ішінде машинистің орындығы, аппаратура мен басқару тұтқасы, қоңырау және т.с.с. орнаттылған. Раманың шетіне ілу құрылғысы бекітіледі, ол гиротасығышпен вагоншаларды іліністірву үшін қадалы тіркеуішті және пазалары бар буфер болып келеді. Буферлер мен маңдайлық табақтардың арасындағы соққыларды жұмсарту үшін екіжақты резеңкелі төсеніштер орнатылған.
Раманың ортаңғы бөлігінде корпуспен бірге жинақтағы сермер орнатылған, екі сатылы редуктор мен тежегіш жүйесі. Конструкциямен гиротасығыштың қозғалыс жылдамдығын реттеудің екі сатысы қарастырылған. Сермердің айналу жиілігі тахометрдің көрсеткіштерімен бақыланады, ал айналудың максималды жылдамдығы артқан жағдайда құрылғының ажыратқыш пневмомоторы іске қосылады. Гиротасығыштың рамасы цилиндрлі серіппемен оралған төрт доңғалақ сыңарларының буксасына тіреледі. Гиротасығыштың тежегіші механикалық қол жетегі бар қалыпты тежеуішпен жүзеге асырылады. Гиротасығыштың жарық беру жүйесі СГД5 басты шамдардан тұрады.
Шахта вагоншалары: жүк және жолаушылар






Тула тау-кен-шахта жабдықтарының заводы әртүрлі жүктер мен адамдарды тасымалдауға арналған ВГ, ВБ, ВЛ, ВПГ үлгісіндегі шахта және кеніш вагоншаларын, сондай-ақ ВВ үлгісіндегі шахта вагоншаларын (жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған) жасап шығарады.
Шахталық электрлі гидравликалық итергіштері



Шахта механизмдерін басқару жүзеге асырылатын жабдықтардың көмегімен шахталарды ілгерімелі және теңселмелі қозғалыс қолданылады. ТЭГ үлгісіндегі итергіштер барлығының ішінде, шаңы мен газы жағынан қауіпті шахталарда да қолданылуы мүмкін.
Вагонеткаларды аударушылар




ОК типті Электровозды өткізбей айналмалы аударғыштар ВГ типті соқыр шанағы бар шахталық вагонеткаларды түсіруге арналған.
Тиеу және мөлшерлеу құрылғылары






Тула тау-кен-шахта жабдықтары зауыты тау-кен массасын скиптер мен вагонеткаларға мөлшерлеп тиеуге арналған тетіктер кешенін шығарады. Жабдықтар мен жабдықтар Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына сәйкес орындалады.
Тула тау-кен-шахта жабдықтары зауыты өндірісінің үлестіргіштері өндіруші кәсіпорынның қолданыстағы технологиялық тізбектеріне, оның ішінде тиеу-мөлшерлеу құрылғысын автоматты басқару жүйесінің арқасында жіксіз интеграцияланады.
Тапсырыс берушімен келісе отырып, қызмет ету мерзімін ұзарту үшін біз коррозияға төзімділікті арттыратын екі компонентті жабыны бар металдан жасалған диспенсер корпусын орындаймыз. Жүктеу құрылғыларының ішкі жұмыс бөліктері аралас материалмен қапталған-жоғары тұрақты қорытпа және полимер.
Біз кез — келген типтегі жетектерді орнатамыз-пневматикалық, гидравликалық, электрлік, жетектерді басқару автоматты режимде жүзеге асырылады. Берілген өлшемдерді сақтай отырып, сусымалы массаның көлемін ұлғайту үшін мөлшерлегіш құрылғыларды жаңғырту тәжірибеміз бар.
Тау массасы ағынының дистрибьюторлары






Біз қоректендіргіш жұмыс істеп тұрған кезде ағынды ауыстыруға және төгілуді ұстауға арналған Тау-кен массасының ағынын таратқыштарды шығарамыз.
Дистрибьюторды басқару ауа ағындарын қайта бөлетін арнайы пневматикалық шкафтың (пульттің) көмегімен жүзеге асырылады. Шкафтың құрамына ауа дайындау блогы мен пневматикалық дистрибьюторлар кіреді. Сенімділік пен қызмет ету мерзімін ұзарту үшін біз бункердің ішкі бетін төсейміз.
Шахтаны көтеру машиналары






Біз жылжымалы көтергіш машиналарды, уақытша стационарлық және тұрақты, барабанның диаметрі 6,3 метрге дейін, әр түрлі типтегі: үйкеліс шкивтерімен, барабандармен, көтергіш ыдыстың әр түрімен (скип, тор, қауырсын) өндіруге тапсырыс қабылдаймыз.
Шахтаны көтеру машинасы-өндіріске барынша жауапкершілікпен қарайтын тау-кен-шахта жабдықтарының маңызды түрлерінің бірі. Шахтаны көтеру қондырғылары, әдетте, негізгі көлік функциясын орындайды. Өндіру объектілерінде олардың сенімділігіне, өнімділігіне және қауіпсіздігіне жоғары талаптар қойылады.
Көтеру қондырғысы-ұзақ мерзімді инвестиция. Ол өзін-өзі ақтауы үшін барлық spm тораптары мен агрегаттарының сапасына кепілдік қажет.
Тула тау-кен жабдықтары зауыты оларды қамтамасыз етуге және барабанның диаметрі 6,3 метрге дейін әр түрлі типтегі көтергіш машиналарды жасауға дайын: үйкеліс шкивтерімен, барабандармен, көтергіш ыдыстың әр түрімен (скип, тор, қауырсын).
Біз жылжымалы көтергіш машиналарды, уақытша стационарлық және тұрақты машиналарды жасауға тапсырыс қабылдаймыз.
Жабдықтау және жинақтау — тежеу және басқару жүйесі, электрика — Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына сәйкес орындалады.
Біздің өндірістің шахталық көтеру машиналары жұмыс істеуге ыңғайлы, өйткені олар автоматтандыру мен бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін, жүктемелердің жоғарылауы кезінде де сәтсіздіктер мен қателіктердің алдын алатын ең жаңа электронды басқару жүйесімен жабдықталған.
РВ типі бойынша сәйкестік сертификаттарымен жарылыстан қорғалған орындаудағы шахталық көтергіш машиналарды дайындауға тапсырыстарды қабылдаймыз.
Монтаждау бесіктері


Тула тау-кен-шахта жабдықтары зауыты адамдарды шахта оқпаны бойынша түсіру және көтеру, материалдарды тасымалдау және тау-кен өндіру өнеркәсібі шахталарының тік оқпандарында жөндеу және монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін аспалы типтегі монтаждау және инспекторлық (тексеру) бесіктер шығарады.
Бесік-жауапты көтеру құрылғысы және оған сенімділік, қауіпсіздік және өнімділікке қатысты жоғары талаптар қойылады.
Тула тау-кен жабдықтары зауыты Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы бойынша әр түрлі қабаттағы бесіктер мен конструктивтер жасауға тапсырыс береді. ПГО типті аспалы бесіктерді, соның ішінде көп қабатты бесіктерді өндіруде үлкен тәжірибеміз бар.
Монтаждау (инспекторлық немесе тексеру) Бесігін орындау кез келген болуы мүмкін-Тапсырыс берушінің немесе біздің КҚ сызбаларына сәйкес. Өнімнің жиынтығы жабдықтың осы түрінің техникалық міндеттері мен пайдалану шарттарына байланысты.
Оқпан ішінде жұмыс істеуге арналған типтік бесік (мысалы, өткізгіштер мен құбырларды монтаждау, арматуралау және басқа да жұмыс түрлері) қоршау элементтерімен жабдықталған еден алаңдары бекітілген тік тіректерден тұрады. МГПУ орындау.21444.00.00.00 жиналмалы балкондармен жабдықталған, олар алаңдарға бекітіледі және сақтандырғыш тартқыштары бар. Көлік жағдайында балкондар шпингалеттің көмегімен бекітіледі. Жұмыс режимінде олар тізбектердің көмегімен ұсталады. Әр балконның жүк көтергіштігі бесік түрімен қатаң шектеледі.
Еден алаңдары баспалдақтармен байланысты және адамдарды еденнен еденге жылжыту үшін саңылаулары бар. Бесіктің жоғарғы қабатында арқанның діңіне бесік ілу үшін коуши орнатылады.
Қауғалы қазу кешендері • Грейферлер • Инерциялық локомотив — гиротасығыш • Инновациялық шахталы электрлі тасығыш • Шахта көтермелері • Коуштар • Отырғызатын тұғырлар • Қазу шығырлары • Оқпанды тиеуші машиналар • Шахта парашюттері • Аспалы құрылғылар • Қазу сөрелері • Шахта тепе-теңдігі • Шахта скиптері • Жол тоқтатқыштары • Тіркемелі құрылғылар • Шахта вагоншалары • Копрлы қазу тегершіктері • Шахталық аккумуляторлы электрлі тасығыштары • Шахталық электр гидравликалық итергіштері • Оқпандарды арқаулау элементтері • Вагонеткаларды аударушылар • Тиеу және мөлшерлеу құрылғылары • Тау массасы ағынының дистрибьюторлары • Шахтаны көтеру машиналары • Монтаждау бесіктері